Armanga bastar asular [Камшат Балтабаевна Бекежанова] (fb2) читать постранично, страница - 18

- Armanga bastar asular 3.79 Мб, 46с. скачать: (fb2)  читать: (полностью) - (постранично) - Камшат Балтабаевна Бекежанова

 [Настройки текста]  [Cбросить фильтры]

тұрады. Жәрмеңкеден жиналған қаражат қаладағы мұқтаж жандарға көмек беруге жұмсалады. Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында жағдайы төмен отбасының балаларына қыстық киім-кешек, азық-түлік тағы да тұрмысқа қажетті заттарды апарып, барынша қуантуға тырысып келеді.

Биыл да, жылдағы дәстүр жалғасын тауып мектепте жәрмеңке ұйымдастырылуда.

Сөз соңында, елу жыл мен бес жылдық тарихы бар, атасы мен немересінің ғұмыр жасының ұзақ болуына шын жүректен тілектеспін! «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар»,– деп қазақ айтып кеткендей әрдайым аға буыннан үлгі алып, өркендей береріміз сөзсіз. Бес жыл уақыт кеңістігінде аз ғана болып көрінуі мүмкін. Алайда, бес жылдық тарихқа көз жүгіртсек жеткен жетістіктеріміз көңілге қуаныш ұялатады.

Мен де, осы шаңырақтың бір мүшесі ретінде «Алтын ұя мектебіміздің» ары қарай жандануына барынша өз үлесімді қосқым келеді.

Мектеп ұжымы мен оқушыларымыздың әрдайым діттеген мақсаттарына жетіп, биік шыңдарды бағындыруына тілектеспін!